Дүйсенбі, 09 Желтоқсан 2019 04:11

БАРЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ КОММУНИСТЕРІ, БІРІГІҢДЕР!

Оцените материал
(2 голосов)

Нұр-Сұлтан қаласында Азия елдері коммунистік партияларының семинар-кеңесі өтті. Шараны КСРО Коммунистік партиялар одағы (КСРО-КПО) Қазақстан Коммунистік Халық партиясымен (ҚКХП) бірлесіп ұйымдастырды.

ҚКХП Орталық Комитетінің хатшысы, «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров атап өткендей, мұндай кездесу Қазақстан астанасында алғаш рет өткізілді.

– Өз жерімізде бауырлас партиялардың өкілдерін қабылдау біз үшін үлкен мәртебе. Бүгінгі диалог ашық және сәтті болады деп ойлаймын. Біздің ортақ міндеттеріміз бар. Мақсаттарымыз да ортақ. Біз мемлекеттеріміздің серпіліссіз, түрлі көтерілістер мен революцияларсыз дамығанын қалаймыз, – деді Айқын Қоңыров.

Семинарға қатысушылар коммунистік идеология интернационализм, бауырластық қатынастар мен бірлескен қызмет тұғырнамасына негізделгенін тағы бір мәрте атап өтті.

КСРО-КПО Орталық Комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Ресей Федерациясы Коммунистік партиясы (РФКП) Орталық Комитеті төралқасының мүшесі, РФКП Орталық Комитетінің хатшысы, Мемлекеттік Думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен қарым-қатынас жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Казбек Тайсаев жиналғандарды РФКП жетекшісі Геннадий Зюгановтың атынан құттықтады. Ол жақында Мәскеуде өткен ТМД елдерінің парламенттік фракцияларының халықаралық конференциясы туралы айта келіп, аталған жиынға ҚКХП-ның қатысуын жоғары бағалады.

– «Халық коммунистері» үлкен беделге ие. Қазақстан Парламенті құрамындағы партия бола отырып, ҚКХП жұмысшылардың мүдделерін қорғау үшін орасан зор жұмыс атқаруда, – деді Казбек Тайсаев.

Ресей Федерациясы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы тарихқа қысқаша шолу жасап өтті. Ол Коммунистік партияға жүз жылдан астам уақыт болғанын және Кеңес Одағы кезінде оның қол жеткізген жетістіктері туралы баяндады. Жетістіктердің қатарына  индустриализацияны, Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті, ғарышты зерттеуді жатқызуға болады... Партия КСРО-ның күйреуінен және 90-жылдардағы қиын кезеңдерден өтті. Бұл партияның өміріне тіпті Ресейдің өзінде қауіп төндіргенін жақсы білеміз. Ал көптеген республикаларда коммунистердің саяси ұйымдарына тыйым салынды.

– Бүгінгі күні бұл посткеңестік кеңістіктегі бауырлас халықтарды біріктіруге бағытталған жалғыз саяси ұйым. Біз біріксек қана, бұған дейін қол жеткізген биіктерді бағындыра аламыз, – деді Казбек Тайсаев.

Айқын Қоңыровтың болжамынша, диалог шынымен прогрессивті және нәтижелі болды. Әртүрлі елдердің коммунистері қазіргі саясатты, халықаралық қатынастарды, посткеңестік қоғамның күшпен декоммунизациясына қарсы тұруды және партияаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Жиында таяу болашаққа арналған бірлескен жұмыстардың алдағы жоспары пысықталды.

KommunAzii 8 KommunAzii 8

Seminar061219 3 Seminar061219 84

Seminar061219 83

Seminar061219 67

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.