Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2019 04:52

СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ҮШІН...

Оцените материал
(1 Голосовать)

«Халық коммунистері» жеке сот орындаушылары көмекшілерінің өкілеттігін кеңейтуді ұсынуда. Олардың пікірінше, мұндай қадам сот актілерінің орындалуына және еліміздегі сот төрелігінің тиімділігін арттырады.

Парламенттегі Үкімет сағытында сөз алған ҚКХП депутаты Магеррам Магеррамов Еуропаның мысалын алға тартты. Еуропада сот орындаушыларының көмекшілері институты толыққұқықты, дамыған әрі нақты жұмыс істейтін құрылым болып саналады.

– Сіз жеке сот орындаушылары институтының одан әрі сапалы дамуы үшін олардың көмекшілерінің өкілеттігін кеңейте аласыз ба? – деді сұрады ол Әділет министрі Марат Бекетаевтан. – Мұны ең болмағанда оларға хаттамамен борышкердің мүлкін түгендеуді, борышкердің мүлкін мөрлеуді, соттарда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда сот орындаушыларының мүдделерін жеткізуге мүмкіндік беруден бастауға болады.

Әділет министрі бұл идеямен толықтай келісетінін айтты. Алайда ол бұл бастама басқа мемлекеттік органдар тарапынан қолдау таппағанын жеткізді.

– Егер көмекшілер сот орындаушыларына қазіргіден де көбірек көмектесетін болса, онда жалпы жүйе тиімді бола түсер еді. Бірақ өкілеттікті кеңейту арқылы оларға артылатын жауапкершілік жүгінің де ұлғаятынын естен шығармау керек, – деді Марат Бекетаев.

Егер жеке сот орындаушысы құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтары үшін лицензиясынан айырылатын болса, оның көмекшісінен алып тастайтын ештеңе жоқ. Әділет министрлігі жауапкершілік мәселесін пысықтап, мүмкін болған жағдайда көмекшілердің өкілеттіктерін кеңейтетін ережелер енгізуге уәде берді.

Ұсынысты палата вице-спикері Владимир Божко да қолдады.

– Меніңше, бұл әділетті қадам болмақ. Егер адамға құқық берілсе, онда ол міндетті түрде жауапкершілікке ие болуы керек, – деп мәлімдеді ол.

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.