Сәрсенбі, 05 Ақпан 2020 08:33

ТЕМЕКІМЕН КӨП БОЛЫП КҮРЕСУ КЕРЕК

Оцените материал
(1 Голосовать)

«Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысы барысында ҚКХП депутаттары «Темекісіз» қоғамдық қорының директоры, Еуразиялық темекіге қарсы коалицияның төрағасы Жәмила Садықовамен кездесті. Қоғам белсендісі темекіге деген наразылығын білдіріп, мәжілісмендерге Қазақстандағы темекіге деген сұранысты төмендетуге бағытталған стратегияны ұсынды.

Жәмила Садықова темекіні айсбергке теңеді. Темекінің су астындағы айсберг секілді көзге көрінбейтін зияны көп дейді. Сол секілді темекі саудасы да көзге байқала бермейді. Оны нақты іс-шаралардың нәтижесі бойынша ғана бақылауға болады. Өкінішке қарай, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау шеңберінде темекі компанияларының да «түтіні» түзу ұшып тұр. Темекіге қарсы шаралар ешқандай нәтиже бермеуде. Ал темекі өнімдері кез келген жерде кез келген адамға сатылып жатыр.

– Темекі өнімдеріне өте төмен акциздер ұсынылады. Темекі қымбат болған сайын оған деген қолжетімділік де азаяды. Егер біздің елде темекінің бір қорабы 10 доллар тұрса, мұны үлкендердің өзі сатып алуға құмартпас еді. Қазіргі уақытта бір қорап темекінің бағасы 1 доллар тұрады, тіпті одан да төмен, – деді Жәмила Садықова.

Қоғам белсендісінің сөзінше, темекі бағасының арзандығы – жастарға қарсы жасалған қастандық. Жалпы, кез келген сөреде тұрған темекенің бәрі жастардың болашағын бұлыңғыр етеді.

– Дүкенге кірген балалар ең алдымен темекінің түр-түрі мен чупа-чупсты ғана көреді, – деді ол.

Темекіге қарсы коалиция өкілінің пікірінше, мұндай жағдай жастарға кері әсер береді. «Темекі дүкенде сатылып жатыр. Демек, ол да кәмпит, сағыз секілді қажетті дүние» деген пікір қалыптасады. Оның үстіне темекілерді дүкен сөрелеріне қою арқылы біз оны жарнамалай түсеміз. Ал дамыған елдердің біразында темекіні жабық шкафтарға сақтап, сатады. Тұтынушының талабы бойынша ғана шығарып, ұсынады.

Сонымен қатар, кальян, электронды темекі секілді дүниелерде де мәселе көп. Біздің мемлекет мұндай өнімдердің таралуына да рұқсат беріп отырғандай. Өйткені, коалицияның кальян мен электронды темекіні темекі өнімдерінің қатарына жатқызу туралы бастамасына Үкімет те, Парламент те қарсылық білдірді. Әсіресе, «Ақ жол» партиясы мен аталған партия фракциясының жетекшісі Азат Перуашевтің мәлімдемелерін атап өтуге болады.

Жәмила Садықованың сөзінше, кальян мен электронды темекіні темекі өнімдерімен теңестіру идеясы коалицияның бастамасы емес. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабы. Электронды темекіні текекімен теңестіру арқылы олардың қорабының дизайнын өзгертіп, сыртына темекінің зиянын көрсететін суреттер салуға мүмкіндік берер еді. Сондай-ақ, жалпы электронды темекілердің саудасын бақылауға жол ашар еді.

– Мемлекет электронды құрылғылардың бір тиын пайда көріп отырған жоқ, – деді Жәмила Садықова.

Осы орайда, қоғам белсендісі текекіге қарсы күрес бойынша Австралияның тәжірибесімен бөлісті. Тіпті, өзімен бірге ала келген адам жанын тітіркендіретін түстегі темекі қорабын да көрсетті.

– Қарап отырсаңыздар, қорабының өзі антижарнама, – деді ол.

Бүгінде коалиция снюстардың сатылуына тыйым салуға, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарындағы темекі шегетін бөлмелердің жабылуына, кафе, мейрамханаларда кальянды пайдалануды шектеуге қарсы жұмыстар жүргізуде. Өкінішке қарай, біздің елдегі кафелердің иелері аз ғана көлемдегі айыппұлды төлеп, жұмысты одан әрі жалғастыра бергенді жөн көреді.

– Оларға қарсы қолданатын нақты тетіктер жоқ, – деді қоғам белсендісі.

Жәмила Садықова коммунистерді темекіге қарсы бірлесе жұмыс жүргізуге шақырды. Бұл идеяны коммунистер қолдады. Бірақ, бұл бағыттағы жұмыстардың оңайға соқпайтынын да ескертті.

– Бізде ресми түрдегі лоббистік ұйымдар жоқ. Бұл туралы заң да қарастырылмаған. Үкімет пен Парламентте өз мүдделерін қорғаумен айналысатын адамдар мұны ешкімге байқатпай істеуде, – деді «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров.

Сондықтан, коммунистер бірінші кезекте бұл жағдайға құқық қорғау органдарының назарын аудартуға ниетті.

– Ұлтты улау – елді өзекті проблемаларға душар ету деген сөз. Тұтынушылық қоғам арқылы тәрбиеленетін біздің жас буын жаңа технологияларға өте бейім. Осыны жете түсінген темекі компаниялары балаларды, жасөспірімдерді, жастарды инновациялық өнімдерге тәуелді етіп отыр, – деді Айқын Қоңыров.

Фракция жетекшісі темекіге қарсы кампанияны заңдық тұрғыдан да, басқа да тәсілдер бойынша қолдауға уәде берді.,

– Біз үшін көптің мүддесін қорғау қашанда маңызды. Қазіргі уақытта қитұрқы маркетингтік әрекеттердің салдарынан адасып жүрген адамдар біраз уақыттан кейін осы әрекеттеріне өкінетін болады, – деді Айқын Қоңыров.

Қысқасы, бұл жердегі мәселе маркетингке ғана байланып отырған жоқ. Темекі индустриясының артында трансұлттық компаниялар тұр. Олар заңның солқылдақ тұстарын өздеріне қажетті нормаларға сәйкестендіруге тырысады.

– Мемлекеттің міндеті (және біз, депутаттар - мемлекеттің бір бөлігіміз!), ықоғамды тұтынушыларды өз қатарына тартып отырған асыратын темекі сататын компаниялардың «көлеңкелі» маркетингтік қозғалыстарынан қорғау, – деді Айқын Қоңыров.

Маргарита Никитина

ProtivTabaka 13ProtivTabaka 13ProtivTabaka 13ProtivTabaka 13ProtivTabaka 13ProtivTabaka 13ProtivTabaka 13ProtivTabaka 13ProtivTabaka 13ProtivTabaka 13ProtivTabaka 13ProtivTabaka 13ProtivTabaka 13

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.