Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 11:02

Білім саласындағы маңызды мәселелер талқыланды

Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан Коммунистік Жастар одағының «Public  talks: өмір һәм табыс тарихы» жобасы аясында елордалық жастар Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирновамен кездесті.

«Халық коммунистері» депутаттық фракциясының мүшесі Ирина Смирнованың 30 жылдан астам уақыт ұстаздық тәжірибесі мен еңбек өтілі бар. Ол осы саладағы білімі мен білігін Үкіметке білім сапасын жақсартуға қатысты жолдаған депутаттық сауалдарында пайдаланады.   

Ирина Смирновамен  кездесуге педагогикалық факультеттердің

студенттері мен магистранттары, жас мұғалімдер мен тәжірибелі ұстаздар келді. Тараптар бір-бірімен емен-жарқын әңгімелесті.

Кездесуде білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформалар тілге тиек етілді. Қатысушылар Ирина Смирноваға білім саласында қордаланып қалған мәселелерді шешуге ықпал етуді сұрады.

Өз кезегінде халық қалаулысы сұрақ қойған азаматтарды Мәжіліске, жеке қабылдауына шақырды.

Ирина Смирнова жиналғандарға телефон нөмірін беріп, педагогтар мен білім саласына қатысты кез келген мәселемен хабарласуға болатынын айтты.

IMG20200207154947IMG20200207154947IMG20200207154947IMG20200207154947IMG20200207154947IMG20200207154947

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.