Сейсенбі, 25 Ақпан 2020 07:06

ТҰРҒЫН ҮЙ – ТАУАР ЕМЕС, АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ

Оцените материал
(2 голосов)

ҚКХП және Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры меморандум жасасуға, сондай-ақ бірлесіп ел азаматтарының тұрғын үй құқығын қорғауға уағдаласты.

Өткен жылдың қазан айында ҚКХП депутаты Ирина Смирнова азаматтардың баспана алу құқығы туралы депутаттық сауал жолдады. Коммунистер Қазақстан қол қойған Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге жүгініп, ұлттық заңнамаларға халықаралық стандарттарды енгізу керек деп мәлімдеді.

– Әсіресе, проблемалы қарыз алушыларды басқа тұрғын үймен қамтамасыз етпей тұрып, баспанадан мәжбүрлеп қуып шығу мәселесіне назар аударту керек. Көп жағдайда мұндай мәселемен кәмелеттік жасқа толмаған балалары, қарт туыстары бар, мүмкіндігі шектеулі жандарды бағып отырған отбасылар бетпе-бет келіп отыр, – деді Ирина Смирнова.

Депутаттық сауал бойынша Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры белсенді түрде жұмыс істеді.

Қор басшысы Зәуреш Батталова 10 жылдан астам уақыттан бері тұрғын үй мәселесімен айналысып келеді. Оның айтуынша, біздің елде тұрғын үй азаматтардың құқығы емес, тауар ретінде қарастырылады. Басты проблема осы. Азаматтарды ешқандай баламасыз тентіретіп жіберу де осыдан басталады. Қуып шығушылардың қаталдығы, банктік «тәркілеу» бойынша сот процестері жалдамалы тұрғын үй нарығының көлеңкелі тұсы болып табылады.

Ирина Смирнова басқаратын Қордың жұмыс тобы Қазақстан Республикасының мәжбүрлеп көшіру туралы заңнамасына өзгертулер енгізетін заң жобасын әзірледі. Болашақта «Халық коммунистері» фракциясы бұл құжатты зерттеп, заңнамалық бастама көтеріп, оны Парламентке ұсынуды жоспарлап отыр. Құқық қорғаушылардың пікірінше, құжаттың нормаларына халықаралық стандарттар кіреді.

– Адамның тұрғын үйге меншік құқығы болмауы мүмкін, бірақ ешкім оны пайдалану құқығынан айырмауы керек, – деді Зәуреш Батталова.

DoverNoProver 15 DoverNoProver 15 DoverNoProver 15 DoverNoProver 15 DoverNoProver 15 DoverNoProver 15 DoverNoProver 15 DoverNoProver 15 DoverNoProver 15 DoverNoProver 15 DoverNoProver 15 DoverNoProver 15 DoverNoProver 15 DoverNoProver 15

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.