Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2019 07:42

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің орынбасары

Б. М. Сапарбаевқа

                                                                                     

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Бердібек Машбекұлы!

Коммунист-депутаттарға 1-ші типті қант диабеті диагнозымен (инсулинге тәуелді) ауыратын мүгедек балалардың ата-аналары жүгінді. Олардың өтінішіне жүгінсек, қант диабеті диагонзы қойылған балалар ұзақ жылдар бойы мемлекеттен қолдау, көмек көріп келіпті. Алайда, соңғы жылдары бұл жағдай қиындай түскен.

Медициналық тексерістердің нәтижесінсіз инсулин препараттары бірінен екіншісіне ауыстырылады. 16 жасқа толғаннан кейін мүгедек баланың әлеуметтік мәртебесін анықтаудан негізсіз бас тартылады. Ата-аналардың орта білім беру ұйымдарына қант диабеті диагнозы қойылған балаларды үйде оқуға ауыстыру туралы шағымдары бар. Сонымен қатар, ата-аналар балалар мен ересектердегі 1-ші типті қант диабетін бөліп қарастыруды сұрап отыр.  Бұл бірінші кезекті амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты болып отыр.

Лантус препаратының орнына пациенттердің келісімінсіз және медициналық көрсетілімдерсіз 2020 жылы оның балама түрі Басалог барлық науқастар үшін сатып алынған. Оның ішінде ересектер де, балалар да бар.  2018-2019 жылдары ел азаматтарына медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін сатып алынған Лантус препараты көршілес Өзбекстанда еркін сатылымнан табылған. Екі айлық үзілістен кейін ғана жаңа глюкометрлер беріле бастады. Бәрі дұрыс-ақ. Алайда, пациенттер жаңа глюкометрлердің қаптамасында жарамдылық мерзімі өзгертілген дейді. Осылайша, препараттардың жеткіліксіздігі проблемасына (күніне 4 дана керек) сатып алынған жаңа глюкометрлер сапасының күмәнді болуы пациенттердің қорқынышын ұлғайта түскендей. Ата-аналардың алаңдап отырғаны – 18 жасқа толғаннан кейін инсулин терапиясын қолданатын балалар үшін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында инсулин сорғысы үшін жұмсалатын шығындар толығымен тоқтатылады. Десе де, сорғылардың басым бөлігі жұмыс істейуге жарамды және пациенттер оны ары қарай да қолдана алады. Бірақ шығын көлемі айына шамамен елу мың теңгені құрайды. Ал бір айға берілетін жәрдемақы отыз бес мың теңгеден аспайды.

Көршілес жатқан Ресей Федерациясында барлық жастағы пациенттер инсулин сорғыларымен және керек-жарақтармен қамтамасыз етіледі. Бұған қоса, олар мемлекет тарапынан қант диабеті бойынша өтемақы сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін глюкозаның тұрақты бақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.

Мүгедек баланың әлеуметтік мәртебесін белгілеу мәселесі маңызды болып табылады. Қолданыстағы ережеге сәйкес, аталған әлеуметтік мәртебені анықтау үшін диагноз қойылғаннан кейін төрт ай өтуі керек. Дәрігерлік-консультативтік комиссиядан бірнеше рет өткеннен кейін пациент медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберіледі. Осы төрт айға медициналық және әлеуметтік сараптаманың қорытындысын күтуге жұмсалатын уақытты қосуымыз керек. Бұл аралықта бала да, ата-ана да мүгедектігі бойынша және мүгедек балаға күтім жасап отырғаны үшін жәрдемақы алмайды.

Сонымен қатар, 1-ші типті қант диабеті диагнозы қойылған балалар он екі жасқа толмастан екі жыл сайын диагнозды растау және мәртебесін алу үшін медициналық-әлеуметтік тексеруден өтуі керек.

Жоғарыда айтылғандарға сүйеніп және барлық аймақтарды ескере отырып, айтылған мәселелерді зерттеп, тиісті тексерулер жүргізуді сұраймыз. Объективті зерттеу және талдау үшін біз қант диабеті диагнозы бар балалардың ата-аналарымен және Қазақстан Республикасының Диабет қауымдастығымен кездесулер өткізуді ұсынамыз. Тәуелсіз қатысушылар ретінде біз аймақтарға әлеуметтік белсенділерді шақыруды керекдеп санаймыз. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы осындай жұмысты жүргізу үшін өзінің аймақтық филиалдарын іске қосуға дайын.

Депутаттық сауалға заңда белгіленген мерзім ішінде жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары                                    

М. Магеррамов

Ж. Ахметбеков          

Г. Баймаханова

А. Қоңыров               

В. Косарев

И. Смирнова             

Т. Сыздықов

25.12.19 ж. жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.