Сәрсенбі, 19 Ақпан 2020 07:05

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Біздің депутаттық сауалымыз мектеп кітапханашыларына  қатысты. Қазіргі уақытта мектеп кітапханашыларының мәртебесі түсініксіз жағдайда қалып отыр. Бүгінгі жағдайда олар өз мамандығымен жұмыс істемейді. Гуманитарлық білімі бар мамандар орта мектептерге техникалық немесе көмекші персонал ретінде қабылданады.

Белгілі бір дәрежеде бұл рас, себебі мектеп кітапханашысы бір мезгілде меңгеруші де, абонемент библиографы да, оқу залының кітапханашысы да, жүк тиеуші де, еден жуушы да болып жұмыс істейді.

Сондай-ақ, мектеп кітапханашысын кітаптар мен оқулықтарды жай таратушы ретінде қабылдауы, біздің ойымызша әділетсіз.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысын көтерді.

Сондай-ақ, мәдениет қызметкерлерінің, оның ішінде Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты кітапханашылардың жалақысы көбейтілді.

Ал мектеп кітапханашыларының жалақысы көбеймеді, олар жай ғана еленбей қалды.

Осыған байланысты, мектеп кітапханаларының педагогикадағы рөлін мойындап, мектеп кітапханашысының мәртебесін анықтау керек. Жалақыларын 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеріп, олардың кезекті еңбек демалысы кезеңін мұғалімдермен тең дәрежеде ұзарту керек.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, заңнамамен белгіленген мерзімде депутаттық сауалға жазбаша жауап беруді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары

М. Магеррамов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоныров

В. Косарев

И. Смирнова

Т. Сыздықов

«Nur Otan» ХДП

фракциясының депутаттары  Б. Мамраев

О. Өксікбаев

2020 ж. 19 ақпан жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.