Бейсенбі, 27 Ақпан 2020 04:37

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(2 голосов)

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры

Ғ.Д. Нұрдәулетовке

Қазақстан Республикасының

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

А.Ж. Шпекбаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Ғизат Дәуренбекұлы!

Құрметті Алик Жатқамбайұлы!

Ақмола облысы Есіл ауданы Калачи және Красногорск ауылдарындағы ел халқын алаңдатқан қайғылы оқиғалардың орын алғанына 4 жылдан асты.

2013 жылдың қыркүйегінен 2015 жылдың сәуірі аралығында аталған өңірдегі «ұйқышылдық ауруынан» 180-нен астам адам зардап шекті. Жергілікті тұрғындар ғана емес, сырттан келгендердің өзі ұйқыға кетіп жатты. Зардап шеккендердің көпшілігіне басқа аурулар әсер етуде.

Аталған мәселе бойынша Үкімет ауыл тұрғындарын басқа елдімекендерге көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл мақсатқа шамамен 2 млрд теңге бөлінді. Аталған қаржыға зардап шеккендерге арнап тұрғын үй салу немесе олардың келісімі бойынша пәтер сатып алу көзделген болатын.

Әлдеқашан өтіп кеткен мәселені қайта қозғаудың қажеті де жоқ еді. Бірақ бірнеше күн бұрын Мәжіліс депутаттарына келген аталған елдімекендердің тұрғындары баспана салуға және халықты көшіруге жұмсалған шығындар бойынша тексеру жүргізуді талап етуде. Айтуларынша, олар бюджет қаражатын ұрлау және ысырап ету фактілерінің орын алғанын білетін көрінеді. Олардың дәлелдерін ҚР Қаржы министрлігі Ішкі аудит департаментінің Ақмола облысы бойынша қорытындысы да растайды: «1,8 млрд теңгеден астам сома көлемінде мақсатты трансферттер бөлу кезінде міндеттер, мақсаттар және түпкілікті нәтижелер толық жүзеге асырылған жоқ».

Осылайша аталған елдімекендер тұрғындарының баспана мәселесі шешілмегені анықталды. Олар бұл мәселе бойынша түрлі мемлекеттік органдарға жүгінгенімен, бірақ әзірге тиісті шаралар қабылданбаған.

Бас прокуратурадан және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен жоғарыда аталған жағдайларды анықтау үшін арнайы комиссия құруды сұраймыз.

Қабылданған шаралар туралы заңда белгіленген мерзім ішінде жазбаша түрде жауап беруді өтінеміз.

Қосымша: 12 парақ

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары:

В. Косарев

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

2020 жылы 26 ақпанда жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.