Бейсенбі, 05 Наурыз 2020 09:53

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ.Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Қазіргі уақытта халық табысы өсімінің негізгі көзі мемлекеттік қаражат болып табылады. Оның көмегімен мемлекеттік сектордағы жалақы, зейнетақы мен жәрдемақы өсіп келеді. Сонымен қатар қоғамның әл-ауқатын жақсарту үшін шағын және орта бизнес жетекші рөл атқаруы керек. Үкімет оны іс жүзінде дамытудың бір құралын – «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын ұсынуда.

Шағын және орта бизнестің үлесі жылдам өсуде. Мәселен, 2013 жылдан 2019 жылға дейін 17%-дан 29%-ға дейін өсті. Егер есептерге сенсек, онда шағын бизнес серпінді дамып, жалпы өңірлік өнімдегі үлесті жоғарыда аталған кезең ішінде 6,4%-дан 22,6%-ға, яғни үш жарым есе арттырған.

Бірақ біз Қазақстан экономикасында түбегейлі құрылымдық өзгерістер болмағанын көріп отырмыз. Шағын бизнестің статистикалық өсуі өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жеке кәсіпкерлер ретінде қайта тіркеуден және бизнестің шығындарды азайтуға деген ынтасының жоғарылауынан туындады.

Шындықтың көзіне тура қарау керек. Қазақстандық кәсіпкерлер белгілі бір функционалды бағыттар мен мамандарды жеке кәсіпкер ретінде рәсімдеу арқылы салықтан  үнемдеуге тырысады. Алайда, іс жүзінде олардың бизнесі өсіп жатқан жоқ. Сонымен қатар жұмысшылар да тығырыққа тап болады. Олар үшін жеке кәсіпкер мәртебесі іс жүзінде еңбек шарттарындағы әлеуметтік аударымдар мен кепілдіктерден айырылуды білдіреді. Үкімет еңбек құқықтарының нақты кепілдіктерінен айыра отырып, халықты әлеуметтік наразылыққа итермелейді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жеке кәсіпкер ретінде қайта тіркеу туралы статистикалық мәліметтерді жинау арқылы бізді кім алдамақпыз? Себебі, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың кім екенін де жақсы білеміз. Бұлар кездейсоқ жағдайда ғана ақша табуып жүрген қазақстандықтар. Шын мәнінде, олардың көпшілігі кедейлік шегінде өмір сүреді. Оларды кәсіпкерлер деп атау мазақ қылғанмен бірдей.

Экономикалық дамудың нақты көрсеткіші – бұл ЖІӨ-дегі өңдеу өндірісінің үлесі. 2010 жылдан 2018 жылға дейін бұл көрсеткіш 11,3%-дан 11,6%-ға дейін өсті. Яғни, тек 0,3%-ға ғана артты. 0,3 пайызды шындық  деудің өзі күмән тудырады.

Металлургия, кокс өндірісі, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі үшін өңдеуші өнеркәсіп құрылымында, яғни ірі кәсіпорындар шығаратын төмен деңгейдегі қайта өңдеу өнімдерінің шамамен 60%-ы келеді. Басқаша айтсақ, ШОБ қатысуымен өндірістің нақты үлесі ЖІӨ-нің 5-6%-дан аспайды.

«Бизнестің жол картасы» жаңа бағдарламасы экономикадағы ШОБ үлесін 2025 жылға қарай 35% -ға дейін арттыруды көздейді. Статистика бойынша бұл көрсеткіш орындалатынына күмән жоқ. Бірақ адамдар үшін не өзгермек?

«Халық коммунистері» фракциясы кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеті ШОБ үлесін және статистикалық кәсіпкерлер санының механикалық өсуіне дейін төмендетілмеуі керек деп санайды. Бұл бизнестің өркендеуіне еліктеу ғана. Тапсырма түбегейлі өзгеше болуы керек. Яғни қоғамдағы тұрақтылық факторы ретінде орта таптың тірегіне айналатын бәсекеге қабілетті кәсіпорын қалыптастыру.

«Даму» қорынан қолдау алатын ШОБ кәсіпорындары сектордың жалпы өнімінің 20%-ын және барлық қызметкерлердің 20%-ын қамтамасыз етеді. Бұл мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын дәлелдейтін сияқты. Сонымен бірге, бұл бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі және оның тәуелсіз дамуы үшін шаралардың тиімсіздігін көрсетеді.

«Даму» қоры Канаданы мысалға алады. Бұл ел 2018 жылы ШОБ-қа мемлекеттік бағдарламалар бойынша 1 миллиард доллар несие берген. Ал Қазақстан бұл аралықта 1,3 миллиард несие үлестірген. Сонымен қатар екі елде де ШОБ саны тең – 1,2 млн. Қазақстанда халықтың саны екі есе аз екенін ескерсек, бізде кәсіпкерлік белсенділік пен мемлекеттік қолдау деңгейі жоғары екендігі белгілі болды.

Бірақ іс жүзінде, біз 2018 жылы канадалық ШОБ ел экспорты көлемінің 41%-ын қамтамасыз еткенін көреміз - бұл 215 млрд доллар. Сонымен қатар өндіріс өнімдерінің 47%-ын және ІЖӨ-нің жартысына жуығын, яғни 800 миллиард долларды қамтамасыз еткен.

Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың едәуір жоғары деңгейі бар қазақстандық ШОБ 45 млрд долларды ғана қамтамасыз етті. Яғни,18 есе аз.

Жаңа «Бизнестің жол картасы» ескі жолмен бірдей құралдарды ұсынады. Бұл кәсіпкерліктің нақты дамуы үшін емес, алдағы кәсіпорындарды қолдау үшін екенін білеміз. Әрине, мыңдаған отбасылар үшін жұмыс пен кірісті үнемдеу өте маңызды. Тағы бір нәрсе қажет – өндіріске де, экспортқа да қабілетті кәсіпкерлікті сапалы дамыту шаралары. Онсыз біз уақыт бомбасын қойғандай боламыз. Өйткені, бюджет бір көлемде қолдау көрсете алмаса, мыңдаған кәсіпорын жұмысын қысқартады.

«Бизнестің жол картасы» бойынша қолданыстағы шаралармен қатар, тұрақты және сапалы жұмыс орындарын құру, өндірістік әлеуетті дамыту мақсатында шағын және орта бизнес секторын жаңғыртудың ұзақ мерзімді шараларын жасау қажет деп санаймыз. Ол үшін бизнесті қолдау институттарының қызметін қайта құру қажет.

Сондай-ақ сіздерден кәсіпорындарды ұсақтау деректерінің сақталатынын я сақталмайтынын және осы процесті шектеу үшін қандай ынталандыру шараларын қабылдауды жоспарлап отырғанын білгіміз келеді. 

Депутаттық сауалды қарастырып, қабылданған шаралар туралы заңда белгіленген мерзім ішінде жазбаша түрде жауап беруді өтінеміз.

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары: 

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

2020 жылғы 4 наурызда жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.