Сейсенбі, 17 Наурыз 2020 09:52

Жақсылық жүректен жүрекке жетеді

Оцените материал
(0 голосов)

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан Коммунистік халық партиясы «Шапағат» халықтық жобасын іске қосты. Қазір аталмыш жоба барлық өңірде табысты жүзеге асырылып жатыр.

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитеті халықтық жобаға тұрақтты және жоспарлы түрде атсалысып отыр.

Азаматтар киім-кешектерін, аяқ киімдерін, азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттарын «Шапағаттың» арнайы пункттеріне апарып тапсырады. Таяуда «Шапағаттың» тұрақты еріктілерінің бірі облыстық комитетке киім-кешек әкеліп өткізді. Ол осымен оныншы рет келіп отыр. Алайда қайырымдылыққа жаны құмар ер адам аты-жөнін атамады. Оның пікірінше, жақсылық пен қайырымдылық жасырын түрде жасалуға тиіс.

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің активі қайырымды жанға көпшілік атынан алғыс айтып, жақсылық тіледі.

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитеті

 

Please publish modules in offcanvas position.