Бейсенбі, 16 Қаңтар 2020 03:44

ҰЛЫ ТҰЛҒАНЫ ҰМЫТПАЙДЫ

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Түркістан облыстық комитетінің коммунистері мен партия ардагерлері Дінмұхамед Қонаевтың 108 жылдығына орай еске алу шарасын ұйымдастырып, қайраткердің Кентау қаласындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Егде жастағы адамдардың барлығы дерлік Дінмұхамед Қонаевты ерекше құрметпен еске алады, оның ел игілігі үшін істеген істерін жастарға үнемі үлгі-өнеге етеді. Оның адами қасиеттерін, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттерін жоғары бағалайды. Ол Қазақстан үшін қыруар дүние тындырды. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айырықша үлес қосты. Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары республика өндіріс саласында жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жаңа өндірістік өңірлер пайда болды, жаңа қалалар мен елдімекендер салынды.

Дінмұхамед Қонаевтың басшылық қырынан бөлек, ғалым, академик екендігін де атап өткен жөн. Ол елдің ғылымына зор үлес қосты. Ғылыми жетістіктерге жол ашты. Қазақстандықтар ұлы тұлғаны ұмытпақ емес!

ҚКХП Түркістан облыстық комитеті

TurkestanKonayev 3TurkestanKonayev 3TurkestanKonayev 3

Please publish modules in offcanvas position.