Сейсенбі, 17 Наурыз 2020 09:27

«Халық коммунистері» фракциясының қызметін таныстырды

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Шымкент қалалық комитетінің белсенділері «Партия дауысы» акциясы аясында қалалық мамандандырылған колледждің өрт сөндіру бөлімінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

Іс-шара барысында студенттерге «Халық коммунистері» фракциясының қызметі мен депутаттық сауалдар таныстырылды.

Мәжілісмендердің Үкіметке жолдаған депутаттық сауалдары қазақстандықтардың көкейкесті мәселелеріне арналған. Коммунистер Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жұмысының тиімсіздігіне қатысты мәселе көтеріп, мектептердегі кітапхана қызметкерлерінің жалақысының төмендігін және сот-медицина қызметкерлерінің еңбек етуіне толыққанды жағдай жасалынбай отырғанын сынға алған болатын.  

– Жастарды Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы адам капиталын ұлғайтуға қатысты депутаттық сауал қызықтырды, – деді коммунистер.

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті

shym2-min.jpgshym2-min.jpgshym2-min.jpgshym2-min.jpg

Please publish modules in offcanvas position.