Жұма, 20 Наурыз 2020 13:16

БАСПАНА БАС АУРУЫНА АЙНАЛМАУ ҮШІН...

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы мен «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Коммунистер мен азаматтық қоғам өкілдері қолжетімді және лайықты баспана алу бағытында ел азаматтарының құқықтарын бірлесіп қорғауға ниетті. Олар баспана алу азаматтарымыздың ажырамас құқығына айналғанын қалайды.

ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы, Парламент Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбековтің пікірінше, мұндай күш-жігердің үйлесуі тек қана пайда әкеледі.

– Жасыратыны жоқ, банктердің төлем қабілеті жоқ адамдардың басындағы жалғыз баспанасын тартып алғанын көрдік. Жекеменшіктегі жылжымайтын мүлік мемлекеттік қажеттілік үшін тәркіленген кезде меншік иесіне берілген аз ғана өтемақыға басқа тұрғын үй  сатып ала алмайды. Біз, коммунистер осы мәселемен көптен бері айналысып келеміз. Үлескерлермен, ипотека беретіндермен, зардап шеккендермен жұмыс істедік. Енді заңсыздықтың алдын-алуға бағытталған күш-жігерімізді біріктіретін кез келді, – деді депутат.

«Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталованың пікірінше, баспана мен панасыздық көп жағдайда әлеуметтік шиеленісті арттырудың негізгі көзі болып табылады.

– Барлық санатты ең алдымен баспана мәселесі мазалайды. Мейлі, ол көпбалалы немесе аз қамтылған отбасылар болсын, толық емес немесе мүгедек балалары бар отбасылар болсын. Әлеуметтік наразылық көбінесе тұрғын үй мәселелеріне байланысты пайда болады. Елге әлеуметтік тұрғын үй нарығын қалыптастыру қажет. Өкінішке қарай, мемлекет көптеген жылдар бойы бұл проблемаларды шешуде жүйелі көзқарас таныта алмай келеді, – деді Зәуреш Батталова.

Қазір коммунистер мен қоғамдық белсенділер Қазақстан ратификациялаған Экономикалық әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пакт талап ететін халықаралық нормалар мен стандарттарды орындауға бағытталған ішкі заңдарға түзетулермен жұмыс жасауда. Сондай-ақ, үйден шығарудың барлық процедураларын нақты регламенттеу керек. Алдағы жоспарлардың қатарында тұрғын үй қатынастары туралы жиынтық заңнаманы дамыту кіріп отыр.

Осындай заңнамалық нормалар әзірленіп, қабылданғаннан кейін, қазақстандықтар бұдан былай жылдың кез келген мезгілінде немесе күннің кез келген уақытында жынысына, жасына және денсаулығына қарамай жалғыз тұрғын үйінен айырылып, «көшеге» шығарылмайды деп үміттенгіміз келеді.

astanaastana

Please publish modules in offcanvas position.