Сейсенбі, 17 Наурыз 2020 14:20

Маңғыстаулықтармен кездесті

Оцените материал
(0 голосов)

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Ирина Смирнова жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды.

Халық қалаулысы Ақтау қаласында Тұрсынгүл Жақыпова басқарып отырған «Kazakh Osseter» ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесті.  

Арнайы делегация Ақшұқырдағы бекіре өсіретін ферманың жұмысымен танысты. Зауыт 2014 жылы ашылған. Жылына 60 тонна балық өсіруге шақталған. Фермада тек бекіре тұқымдас балықтар ғана өсіріледі. Дәлірек айтсақ, сібір бекіресе, орыс бекіресі және ақсерке өсіріледі. Алынған өнім Қазақстанның барлық өңірі мен шетелге жөнелтіледі. Делегацияны өндірістің ауқымдылығы, мұндағы заманауи технологиялар, ұжым мен әкімшіліктің бірлескен жұмысы таң қалдырды.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Басқұдық ауылындағы тігін цехына барып, қызметкерлермен дидарласты. Бес жыл бұрын бұл жер киім мен тұрмысқа қажетті дүниелерді ғана тігетін шағын шеберхана болатын. Ол кезде үш тігінші ғана жұмыс істейтін. Ал фирма «Қазақстанның Халық банкі» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының қолдауымен ашылған.

Баян Абдуллаева басқаратын тігін шеберханасы бүгінде тауарлы-өндірістік кәсіпорынға айналды. Фирма сапалы әрі заманауи өнімге деген сұраныстың көптігінен жедел дамып келеді. Клиенттерінің қатары да көбея түсуде. Қолөнер шеберлерінің бұйымдарында Маңғыстаудың қолданбалы өнерінің, ою-өрнегінің стилі мен түсі бейнеленген. Парламент депутаттарынан құралған делегация аймақ экономикасында өзіндік орны бар кәсіпорынның жұмысына сәттілік тіледі.

Бұдан кейін Ирина Смирнова көпбалалы ана, Қазақстанның құрметті құрылысшысы Ұлболсын Ахметовамен кездесті. Кездесу өте әсерлі әрі нәтижелі болды. Ұлболсын өз күшімен санаторий типтес «Сая» сауықтыру кешенінің негізін қалаған. Кешен қаладан 20 шақырым жердегі демалыс базасында орналасқан. Ол бизнес ашып қана қоймай, ондаған адамды жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ, кәсіпкер белсенді азаматтық ұстанымымен де көзге түсіп жүр. Ол қаланың қоғамдық өміріне белсене араласады. Ұлболсын ардагерлер үшін демалыс ұйымдастырып, ауру балаларға көмектеседі, үнемі қолдау көрсетеді.

Жұмыс сапарының басты мақсаты – тұрғындардың проблемасына құлақ түріп, олардың шешілуіне көмектесу. Өңірге жасаған жұмыс сапарында депутат Ирина Смирнова үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, қоғам белсенділерімен, кәсіпкерлермен кездесті. Олармен облыстың түрлі саласындағы жағдайды сөз етті.

Мәжілісменнің қабылауына келген ақтаулықтар мен облыстық комитеттің активі үй сатып алған кезде бастапқы төлемді субсидиялау, зейнет жасын төмендету мәселелерін көтерді. Ал жастар белгілі бір жасқа толған соң тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайтындықтарына наразылық білдірді.

Өз кезегінде Ирина Смирнова Мәжілістің жұмысы, партияның идеологиясы туралы айтты. Сонымен қатар халықты толғандырып отырған сапалы білім, әлеуметтік мәселелерді шешудің қажеттілігі туралы баяндады.

«Бүгінде халықтың денсаулық туралы кодекс қарастырылуда. Аталған кодекс қазір өткір сынға ұшырап жүр. Сіздердің қолдауларыңыздың, сын-ескертпелеріңіздің арқасында біз адамдардың сапалы білімге, медицинаға және лайықты өмір сүруге құқығы бар екенін көтеріп келеміз. Мұның барлығы не үшін жасалып отырғанын түсінуіміз керек», – деді ҚКХП атынан сайланған халық қалаулысы.

Кездесу соңында РФКП Ставрополь өлкесінің мүшесі С.Беликова Ирина Смирнованы РФКП лидері Геннадий Зюгановтың қолы қойылған «Лениндік комсомолдың 100 жылдығы» құрметті орденімен марапаттады.

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті

Please publish modules in offcanvas position.