Жұма, 17 Қаңтар 2020 04:26

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Оцените материал
(2 голосов)

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті Дінмұхамед Қонаевтың 108 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға қоғам қайраткерлері, Д.Қонаев қорының қызметкерлері, Ардагерлер кеңесінің, «Ақ жол» партиясының және «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының өкілдері, сондай-ақ партия белсенділері мен ардагерлер қатысты.

Қалалық комитеттің бірінші хатшысы Нұрлан Қадырқұлов Дінмұхамед Қонаевтың өмір жолымен таныстырды. Әсіресе, оның республиканың дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Дінмұхамед Ахметұлы Министрлер Кеңесінің Төрағасы және Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. Оның елге сіңірген еңбегі үкіметтік наградалармен бағаланып жатты. Ол үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған.

– Алматы, Тараз, Шымкент, Нұр-Сұлтан және Ташкент қалаларындағы көшелер мен даңғылдарға Қонаев есімі берілген. Оның атында музей бар. Еңселі ескерткіштер де бой көтерген, – деді Нұрлан Қадырқұлов.

Десе де, ұлы тұлға үшін ең үлкен ескерткіш оның соңына қалдырған мұрасы болмақ. Дінмұхамед Қонаев басқарған жылдары республикада 68 елдімекен мен 43 қала салынған. Бос жатқан жерлер игеріліп, өнеркәсіп қарыштап дамыған.

Ардагерлердің көбі Дінмұхамед Ахметұлымен жақын араласқан. Олар өз сөздерінде кемеңгер көшбасшының қарапайымдылығын, адалдығын ерекше атап өтті.

– Оның өмірі мен қызметі елге, партияға қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылады. Ол нағыз коммунистің қандай болу керектігін іспен дәлелдеп кеткен тұлға. Оның өнегесі, соңына қалдырған мұрасы келешек буынға да қызмет етері анық, – деді жиналғандар.

Шара соңында облыстық комитетпен тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыс істегені үшін «Аталар сөзі» газетінің бас редакторы, Д.Қонаев атындағы қордың өкілі Ерназар Пернеев ҚКХП-ның мерейтойлық медалімен марапатталды.

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті

ShymkKonayev 7ShymkKonayev 7ShymkKonayev 7ShymkKonayev 7ShymkKonayev 7ShymkKonayev 7ShymkKonayev 7

Please publish modules in offcanvas position.