Дүйсенбі, 10 Ақпан 2020 03:25

ТАРИФТІҢ ЖАЙЫ НЕ БОЛДЫ?

Оцените материал
(2 голосов)

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті коммунистерінің тариф мәселесіне қатысты жолдаған хатына ресми жауап келді. Партиялықтар Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментіне, нақтырақ айтсақ ведомства басшысы Ақан Ташпановқа хат жолдаған болатын.

«... Электр қуатының тарифін көтеру жөніндегі соңғы тыңдауларда біз Мемлекет басшысының коммуналдық сектордағы тарифтерді төмендету туралы бұрынғы тапсырмаларын ескере отырып, «олар (тарифтер) неліктен көтеріліп жатыр? деген орынды сұрақ қойдық. Жергілікті монополистер бағаны төмендетіп қана қоймай, оларды жүйелі түрде арттыруды жалғастыруда ...», – делінген коммунистердің хатында.

Коммунистер Қостанай облысындағы 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңдегі тарифтердің өзгеру динамикасы туралы ақпарат беруді сұрады. Сондай-ақ жақын уақытта тарифтерді өсіру жоспарланып отыр ма деген сұраққа жауап алуды жөн көрді.

Жауап заңда көрсетілген мерзімде келді. Жауап төрт бетті алып жатыр. Онда департаменттің және оның штаттық құрамының міндеттері, өткен жылы тарифтерді қарастырудың экономикалық тиімділігі көрсетіліп, президенттің тапсырмаларының орындалуы баяндалған және жаңа тарифтік саясаттың енгізілуі туралы айтылған. Сонымен қатар, хатта департаменттің жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмысы туралы хабарланған. Кәсіпкерлік кодекске сілтеме жасалынған және қазіргі уақытта «Қостанайюжэлектросервис» КМК-нің өтінімі қаралып жатқаны айтылған. Қорытындыда жауап апелляция «тілінде» берілетіні, оған заңмен белгіленген тәртіп бойынша шағымдануға болатындығы, сонымен қатар коммунистерге белсенді азаматтық көзқарас танытқандары үшін алғыс білдіретіні көрсетілген. Хатқа қосымша ретінде бекітілген тарифтер туралы ақпарат жолданған.

Яғни, құжатта көп, қызықты ақпарат бар секілді. Бірақ іс жүзінде нақты ештеңе айтылмаған.

– Бізге белсенді азаматтық позициямыз үшін алғыс айтылғанын құп көрдік. Бірақ тарифтың жайы не болды? – дейді облыстық комитеттің бірінші хатшысы Асқар Өмірзақов.

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті

 

Please publish modules in offcanvas position.