Сәрсенбі, 18 Наурыз 2020 09:43

ЕРЕКШЕ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Оцените материал
(3 голосов)

ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің өкілдері Қарасу ауданында болып қайтты. Мақсат – арнайы қызметтердің су тасқыны жағдайына дайындығын көріп қайту.

Коммунистер әкімдіктің басшылығымен, төтенше жағдайлар қызметінің өкілдерімен, Черняевский ауылдық округінің әкімімен және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Сонымен қатар партия мүшелері қауіпті учаскелерді, көпірлер мен бөгеттерді тексеріп шықты.

– Қарасу ауданына тектен тек келген жоқпыз. Бұл жердегі жағдайдың қаншалықты қауіпті болатынын осыдан үш жыл бұрын, 2017 жылғы су тасқаны кезінде көрген едік, – деді облыстық комитеттің екінші хатшысы Владимир Скуридин.

Дәл сол жылы облыстық комитет су астында қалған Зеленовка ауылының тұрғындарына айтарлықтай көмек көрсеткен болатын. Десе де, қауіптің салдарымен күрескенше, себебінің алдын алған әлдеқайда тиімді ғой.

– Көктем мезгілінің қарасулықтарға қаншалықты қиынға соғатынын жақсы білеміз. Сондықтан жағдаймен ертерек танысқанды жөн көрдік, – дейді коммунистер.

Қарасу аудандық ТЖБ-ның ақпаратына сенсек, төтенше жағдай орын алса, еріген мұздың суы қоймаларға жақын орналасқан алты елді мекенді басуы мүмкін. Яғни, Зареченка, Қарасу, Восток, Ленино, Черняевка және Зеленовка елдімекендеріне қауіп төнуі ықтимал. Егер жағдай одан әрі ушығатын болса, Тімтуір өзенінің бассейнінде орналасқан Прогресс, Қарамырза, Молодежное және Кошевое елдімекендерін де су алады. Тасқын кезінде Құндызды өзені Новосёловка мен Құндызды ғимараттарын басып кетуі ықтимал.

– Қардың күрт еруі Жамбыл және Железнодорожное ауылдарына да қауіп төндіруі ықтимал, – дейді коммунистер.

Сапар барысында облыстық комитеттің белсенділері Владимир Скуридин мен Сансызбай Күйубаев Қарасу мен Зеленовкаға барып, ведомстволық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесті.

– Ауылдарда су тасқынына қарсы күрес жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қар шығарылып, су өткізгіштер мен табиғи каналдар тазалануда. Жалпы, қардың көптігіне қарамастан, жағдай өткен жылға қарағанда оңтайлы көрінді, – дейді коммунистер.

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті

kostanai.jpgkostanai.jpgkostanai.jpg

Please publish modules in offcanvas position.