Сейсенбі, 14 Қаңтар 2020 03:34

ІСТІҢ ЖАЙЫН ЖАҚСЫ БІЛЕДІ

Оцените материал
(3 голосов)

Коммунист-депутат Магеррам Магеррамов өңірлерге жасаған жұмыс сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған әріптесі Наринэ Микаелянмен бірге Екібастұз қаласында болды. Халық қалаулыларымен өткен шараларға қала әкімдігі мен жергілікті «Достық үйінің» басшылығы атсалысты.

М.Магеррамовтің пікірінше, Екібастұз қаласына жасалған сапар табысты өрілген.

– Түрлі кездесулер ұйымдастырылды. Біз облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шарасына қатыстық, – деп жазды депутат өзінің Facebook желісіндегі жеке парақшасына.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация орталығының жетекшісі Ольга Николашина да кездесулер мазмұнды әрі табысты өтті деп есептейді. Ол депутаттық корпустың жұмысы туралы мол ақпарат бергені үшін, сондай-ақ азаматтық және қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп бергені үшін халық қалаулыларына алғыс айтты.

– Өңірлердегі проблемалармен жақсы таныс депутаттардың келуі құптарлық тәжірибе. Депутаттар бұл мәселелердің бәрін Мәжілісте қарастырды. Енді өңірлерге келіп, жүргізілген жұмыстың нәтижесімен танысты, кемшіліктерін байқап қайтты, – деді Ольга Николашина.

Депутаттар Екібастұз қаласынан Аққулы ауданына аттанды.

ҚКХП Екібастұз қалалық комитеті

PavlEkibastuzAssamb 4PavlEkibastuzAssamb 4PavlEkibastuzAssamb 4PavlEkibastuzAssamb 4

Please publish modules in offcanvas position.