Бейсенбі, 19 Наурыз 2020 19:30

ЖАҢА ОРЫНҒА КӨШУГЕ КӨМЕКТЕСТІ

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің жастары «Үлкенге құрмет» жобасы аясында «Алтын уақыт» қарттар үйінің жаңа мекенжайға қоныс аударуына қол ұшын берді.  

Белгілі болғандай, қарт адамдар үшін жалға алынып келген коттедждің иесі үйді сатып жіберген. Мұндағы қарт адамдар, мүгедектер және  зейнеткерлер басқа жерге қоныс аударуға мәжбүр болған.

– Көшу – кез келген адам үшін қиын жағдай екені айтпаса да түсінікті. Әсіресе, мұндай жағдай қарт адамдарға ауырға түсері анық. Бұл олардың денсаулығына да кері әсер етуі мүмкін, – дейді коммунистер.

Павлодарлық жастар қарт адамдардың қоныс аудару процесін мейлінше жеңілдетуге тырысты. ҚКЖО еріктілері зейнеткерлердің жаңа орынға көшуіне көмектесті. Олар көшу процесі барысында қарттарға барынша жайлы жағдай жасауға тырысты. Төсек тартып жатқан науқас адамдарды зембілге салып, жергілікті «Жедел жәрдем» көмегімен жеткізуге тура келді. Сонымен қатар, жастар ауыр жүктерді, жиһаздарды тасымалдады және оларды жаңа орында жайғастырып, істі соңына дейін тиянақтап тындырды.

ҚКЖО жастара «Алтын уақыт» зейнеткерлеріне алғаш рет келіп отырған жоқ. Бұған дейін жастар қарттар үшін концерттер ұйымдастырып, түрлі шаралар өткізетін. Жастар жаңа орынға қоныс аударған қарттарға алдағы уақытта да келіп тұруға уәде берді.

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті

pavlo1pavlo1pavlo1pavlo1pavlo1pavlo1

Please publish modules in offcanvas position.