Бейсенбі, 19 Наурыз 2020 19:16

Коммунистердің қатарына қосылды

Оцените материал
(2 голосов)

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің қатары жаңа мүшелермен толықты. Олар партияның мақсаты мен міндетінен айнымай, белсенді түрде жұмыс істеуге әзір.

Алтай Сатыбеков өте жігерлі адам. Жаңа жылдан бері облыстық комитетпен әріптестік байланыс орнатты. Кеңес үкіметі кезінде 15 жылдай ішкі істер органдары жүйесінде жұмыс істеген. Кейін пионер лагерін басқарған. Содан соң Сарысу ауданындағы тазарту станциясының бастығы қызметін атқарған.

Бүгінде Алтай Абдрахманұлы өлең жазады. Бір жинаққа жүк боларлық туындылары бар. Ол ауданның жергілікті елдімекендерінде коммунистік партияның идеологиясын насихаттауға Сарысу аудандық комитетіне көмектескісі келеді.

– Жұртшылық партия қызметі, оның атқарып отырған жұмыстары туралы білуі керек. Сондай-ақ, әркім өз таңдауын ерікті түрде жасауы қажет. Оның үстіне қазір халықтың көзі ашық, көкірегі ояу. Ешкімді алдай алмайсын. Халық елде әділдік салтанат құрғанын қалайды. Мен «Халық коммунистері» фракциясына құрметпен қараймын. Коммунистердің мақсаты біреу-ақ. Ол – қазақстандықтардың өмірін жақсарту, – дейді Алтай Сатыбеков.

Бақытбек Исабековтің мамандығы заңгер болғаныен, өткен ғасырдың 90 жылдарынан бері бизнеспен айналысып келеді. Негізінен құқықтық және туристік қызмет көрсетеді.

– ҚКХП-ның үлкен күш екеніне сенемін. Себебі, коммунист-депутаттар – нағыз халықтың қалаулылары, – дейді ол.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің хатшысы Жанат Бастаубаева партияның жаңа мүшелеріне партбилеттер мен кеудеге тағатын белгілерді табыс етті. Оларға сәттілік тіледі.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті

 

Please publish modules in offcanvas position.