Бейсенбі, 19 Наурыз 2020 19:35

Жамбыл ауданында партияның жаңа комитеті ашылды

Оцените материал
(2 голосов)

Ресми рәсімге жергілікті тұрғындар ерекше ықыласпен қатысты. Хатшы қызметіне коммунист Нұрлыгүл Әмірованың кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты.

Актив бірінші жартыжылдыққа, әсіресе мерейтойлық даталарға арналған жұмыс жоспарын жасап үлгеріпті.

Нұрлыгүл Әмірова бес жылдай бойы ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің іс-шараларына белсене атсалысып келді. Белсенді һәм жігерлі жан 2006 жылдан бері «Асар» қайырымдылық қорының президенті. Ал 2012 жылдан бері «Татуласу» қоғамдық бірлестігін басқарып келеді. Сонымен қатар ол медиация институтын бұқараға насихаттап жүр.

Төрт бала тәрбиелеп отырған Нұрлыгүл «Отбасы құндылығы» жобасы бойынша да жұмыс істейді. «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының мүшесі, коммунист. Бірнеше рет «Адамның биоплазмасы» және «Психиканың биофизикалық зерттеулері» тақырыбындағы ғылыми жұмыстарына қатысқан.

Әріптестерінің айтуынша, Нұрлыгүл Әмірова кез-келген күрделі проблеманың өзін қиналмай шешетін ерекше адам. Ол келіссөздер жүргізеді алады. Өзін-өзі танумен, жеке тұлғалық қасиеттерді жетілдірумен және ақыл-ойды дамытумен айналысады. Оның отбасылық медиация туралы көптеген куәліктері бар. Қылмыстық және азаматтық іс жүргізу процестерді, әкімшілік және отбасылық дауларды шешуге қатысқан.

– Менің міндетім – халыққа қызмет ету. Коммунистер өз жұмысын мейлінше ашық жүргізуге тырысады. Сонда қоғам да партияның немен айналысып жатқанын және халық үшін қам жасап жүргенін біледі, – дейді Нұрлыгүл Әмірова.

Ол партия комитетінің ашылуы қарапайым азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жақсартатынына сенімді.

Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жанат Бастаубаева сайлаушыларға ұйымдастырылған кездесу үшін алғысын білдірді. Жаңа аудандық комитеттің басшысын құттықтап, жұмысына табыс тіледі.

– ҚКХП-ның көкжиегі кеңейіп келеді. Партия қатарына қосылушылар қатары артуда. Коммунист атанып, партбилетке ие болып, қызыл жұлдыз белгісін абыроймен тағып жүруді армандайтын адамдар көп. Әрбір коммунист әділдік үшін күреседі, – деді облыстық комитеттің бірінші хатшысы.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті

Please publish modules in offcanvas position.