Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 09:01

НАУҚАСТАРҒА ҮКІМЕТТІҢ НАЗАРЫ КЕРЕК

Оцените материал
(1 Голосовать)

Халық коммунистері» эпилепсиямен ауыратын қазақстандықтарды қалш-қалш еткізетін ұстамалы ауруға қарсы сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді талап етуде.

Мұндай депутаттық сауал алғаш рет жолданып отырған жоқ. ҚКХП депутаты Магеррам Магеррамов бұған дейін де бұл мәселені Парламент мінбесінен көтерген болатын.

– Иә, науқастар қалш-қалш еткізетін ұстамалы ауруға қарсы дәрі-дәрмектерді алып тұрады. Бірақ, олардың сапасы мен тиімділігі төмен. Мұндай дәрі-дәрмектердің көп жағдайда жанама әсері болады, – деді бұл жолы Магеррам Магеррамов.

Бұл жердегі бар гәп ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің науқастардың есебінен қаржы үнемдеп, түпнұсқа препараттардың орнына сапасыз әрі арзан дәрі-дәрмектерді сатып алуында болып тұр.

– Қазақстанда елде тіркелмеген дәрілерді әкелудің заңдастырылған тетігі бар. Біз кезекті рет сирек кездесетін эпилептикалық формаларды енгізе отырып, орфандық аурулардың тізімін кеңейтуді және мұқтаж пациенттерге Қазақстанға қалш-қалш еткізетін ұстамалы ауруға қарсы тіркелмеген препараттарды енгізу механизмін қолдануды ұсынамыз, – деді коммунист.

Депутаттың сөзінше, дамыған елдерде соңғы үлгідегі тиімді препараттардың кеңінен пайдаланылып келе жатқанына біршама уақыт болған. Ал бізде науқастарға түрлі балама дәрі-дәрмектер беріледі. Соның салдарынан науқас балалардың ата-аналары мен эпилепсиямен ауыратын ересектер шетелден сапалы препараттарды іздеп, сатып алуға мәжбүр. Онда да қаржылық жағдай мүмкіндік берсе ғана.

– Сондай-ақ, арнайы протоколды қолдану арқылы миға жоғары өрісті МРТ жасау, электроэнцефалография, оның ішінде үш-жеті күндік кезең және нейропсихологиялық тестілеу сияқты жоғары технологиялық диагностикалық құралдарға қол жетімділіктің шектелу мәселелері бар. Эпилепсиямен ауыратын балаларға нейропсихологиялық қызмет, психоәлеуметтік және физикалық оңалту жетіспейді, – деді халық қалаулысы.

«Халық коммунистері» депутаттық сауалды ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановқа бағыттады. Сонымен қатар, олар анықталған проблемаларды зерделеуде объективті көзқарас ұстанып, мәселе жуық арада шешіледі дегене үмітте.

– Осы проблемаларды зерделеу барысында Денсаулық сақтау министрлігінің есептерімен шектелмей, эпилепсиямен ауыратын балалардың ата-аналарымен, сондай-ақ осы проблемалармен айналысатын тәуелсіз ұйымдармен кездесулер өткізуді ұсынамыз, – деді Магеррам Магеррамов.

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.