Жұма, 13 Наурыз 2020 09:13

Қазақстан коммунистерінің еліміздегі экономикалық жағдайға қатысты мәлімдемесі

Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банк теңгенің кезекті құнсыздануына қатысты әдеттегідей көп түсінік берді. Мұнай бағасы мен Ресей рублі құнының құлдырауы, дамушы елдердің валюталарына жасалған қысым, тіпті коронавирус пандемиясы себеп ретінде алға тартылды.
Коммунистер жоғарыдағы факторлар ұлттық валюта бағамына ықпал ететінімен келіседі, алайда бұл басты себеп емес. Басты себеп – отандық экономиканың қазіргі жағдайы.
Дағдарысқа қарсы шара қолдану жоспарын әзірлеу үшін шұғыл әрекет ету штабын құру – жақсы бастама, алайда қазіргі жағдайда бұл іс бізді шынайылықтан және нақты қандай шара қолдану қажет деген мәселеден алшақтады. Қазіргі стратегия оқиғаны бақылауды, шикізат бағасына болжам жасауды сонымен қатар валюта нарығындағы ойыншылар жағдайды қалай қабылдайды деген сауалға жауап іздеуді және инфляцияның ары қарай өсуіне әзірленуді ғана көздейді.
Теңге бағамы мен инфляцияны тежеп тұру бағытындағы шаралар нақты нәтиже берген жоқ. 2020 жылғы қаңтарда инфляция 5,6%-ға артты. Ақпанда негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасы 0,9%-ға өсті, ал инфляция бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2 есе ұлғайып, 0,6%-ды құрады.
Халық мұндай жағдайда тек іштей дайындала алады. Себебі халықтың басым бөлігінің табысы мардымсыз және ол өспейді.
Коммунистер күтіп отыру саясаты мен инфляцияны таргеттеудің бұрынғы құралдарын қолдану: ақша массасын сығу, базалық мөлшерлемені ұлғайту, валюта нарығын шектеу сынды тәсілдер ескірген, азаматтар мен экономиканың нақты секторын қолдаудың тиімді тәсілдері қажет деп санайды және өз ұсынымын ұсынады.
Біз бірінші кезекте жаһандық трендтердің салдарынан теңге бағамының құнсыздануын тоқтата алмайтынымызды мойындап, оның азаматтарға кері әсерін азайтуға тиіспіз.
Бұл ретте азаматтарымыздың ұлттық валютадағы зейнетақы жинақтары мен депозиттерін қорғау маңызды. Зейнетақы жарнасы тек қана теңгемен қабылданады, банкке теңгемен салым салуды ынталандыру долларсыздану саясатының жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Бұл жинақтардың құнсыздануына кепілдік беруі керек. Мұны валюталық кепілдендіру арқылы, яғни индексация негізінде жүзеге асыруға болады.
Бір жағынан бұл халықтың жинағын сақтайды және ұлттық валюта мен экономикаға деген сенімді арттырады. Екінші жағынан мемлекетті валюта нарығындағы алыпсатарлықтың алдын алуға жетелейді. Сәйкесінше мемлекет бағамның негізсіз құбылуына жол бермейтін болады.
Елде қиын жағдай орын алып отыр. Шамамен қазақстандық отбасылардың 50 пайызының шығындарының жартысынан көбі азық-түлікке жұмсалады. Қазақстан экономиканың номиналды көрсеткіштерін жақсарту мен әл-ауқат көрсеткіштерінің нашарлауы арасындағы теңсіздікке тап болып отыр.
Мұны еңсеріп, халықты кедейлік шегінен алып шығу үшін экономиканың өсімі әлдеқайда жоғары болуға тиіс. Қытайдың тәжірибесі немесе өзіміздің өткен онжылдықтағы тәжірибеміз көрсеткендей, өсім 7 пайыздан кем болмауы керек. Бізге жаңа экономикалық бағыт қажет! Бұл көрсеткішке қол жеткізу жаңа экономикалық бағыттың міндеті болуы шарт.
Алайда оның мазмұны көрсеткіштерді қуудан тұрмауы керек. Бұл жерге шикізат өсімі мен мегажобалар моделі жарамайды.
Ең бірінші қадам – «статистикалық амнистия» болуы керек. Бұл дегеніміз – барлық негізгі көрсеткіштерді қайта қарастыру, халықтың нақты өмір сүру деңгейін, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, жұмыссыздардың және инфляцияның нақты жағдайын мойындау.
Екіншіден, барлық мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін талдау қажет. Бұл формальды көрсеткіштерді орындау үшін емес, салаларды сапалы түрде жақсарту үшін керек.
Үшіншіден, қосылған құнды нақты құру үшін квазимемлекеттік сектордың қызметін талдау қажет. Өздері үшін ғана жұмыс істейтін мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік компаниялардың шығындары қысқартылуы тиіс.
Төртіншіден, қаржыландыру арналарын тазарту және трансшекаралық капитал ағындарын қатаңдату қажет. Банктер, әртүрлі квазимемлекеттік қаржы институттары өздерінің делдалдық функциялары үшін тым көп ресурстарды сіңіріп, сыбайлас жемқорлық жанжалдарына белшесінен батып отыр.
Бесіншіден, экономиканы және экспортты нақты әртараптандыру қажет. Бұл сәтті экономикалық дамудың кепілі. Қазақстан жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі бойынша әлемде 54-ші орында, ал экономикалық күрделілігі бойынша (өнеркәсіптің әртүрлілігі және тауарларды өңдеудің тереңдігі) 84-ші орында тұр. 1995 жылы біз 42-орында болған едік.
Алтыншыдан, ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді бағамен сатып алу және нақты құны бойынша қажетті материалдар мен жабдықтар жеткізу арқылы ауылдық жерлерде кәсіпкерлік бастамаларын көтеру қажет. Бұл азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін жылдам шешеді. Бірақ жалпы алғанда, жоғарыда аталған шаралар экономикадағы жағдайды түбегейлі өзгерту үшін жеткілікті.
Коммунистер жоғарыда аталған ұсыныстарды ескере отырып, жалпы алғанда, болжамды және түсінікті экономикаға қол жеткізеріне сенімді. Халықтың және бизнестің әл-ауқаты үшін елімізге, оның болашағына инвестиция салу өте маңызды.

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.