Сейсенбі, 03 Желтоқсан 2019 06:22

«ШАПАҒАТ» ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің активі «Шапағат» халықтық жобасы аясында киім-кешек үлестіруге бір ай дайындалды.

Нәтижесінде шамамен 100 қапшық киім, аяқ киім, ойыншық жиналып, сұрыпталды. Осының барлығын коммунистер бірнеше жерге апарып, таратты.

Ең әуелі қажетті заттар Қарағанды облысы бойынша кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Мұнда ата-ана құқығынан айырылғандардың балалары тәрбиеленеді. Бұл жерде үш айлық бейімдеуден кейін ұлдар мен қыздар Балалар үйіне аттанады. Мұндағылардың жас мөлшері – 3-16 жас. Облыс бойынша мұндай орталық біреу-ақ. Ол Теміртау қаласында орналасқан. Коммунистер бұл орталыққа алғаш рет көмек беріп отырған жоқ. Олар 2 жылдан бері орталықпен тығыз байланыста.

Бұдан кейін коммунистер балалары бар әйелдерге арналған «Менің үйім» дағдарыстық орталығына барды. Теміртау қаласында орналасқан орталық қиындықпен бетпе-бет келген әйелдерге арналған. Қарағандылық коммунистер бұл орталықпен де тұрақты байланыс орнатқан. Мұнда  балаларға арналған киім-кешекпен бірге әйелдердің киімдері, аяқ киімдер, сондай-ақ ойыншықтар мен кеңсе тауарлары жеткізілді.

Қарағандылық коммунистер қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына да киім-кешек пен аяқ киім тапсырды.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті

KRGShapag 5KRGShapag 5KRGShapag 5KRGShapag 5KRGShapag 5

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.