Сәрсенбі, 31 Қаңтар 2018 13:54

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Аталған депутаттық сауал арқылы «Халық коммунистері» фракциясы Үкімет назарын мамандандырылған мектептерде немесе мүгедек балаларға арналған сыныптарда сабақ беретін мұғалімдер мәселесіне аудартқысы келеді.

Негізгі мәселе аталған білім беру орындарында оқыту процесіне арналған қажетті оқу құралдарының, сондай-ақ спорт және еңбек құрал-саймандарының, спорт сабақтарына арналған ашық алаңдардың және спорт залдарының жоқтығы болып табылады.

Балаларға аса қажетті мұғалімдер, логопедтер, дефектологтар, психологтар мен басқа да мамандар жетіспейді.

Сонымен қатар, мүгедек балалардың үйіне барып оқытатын мұғалімдер жол шығындарын өз қалтасынан төлеуге мәжбүр.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде депутаттық сауалымызды қарап, белгіленген заңнамалық мерзімде хат түрінде жауап  берулеріңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары                                              

М.Магеррамов

Ж.Ахметбеков            

Г.Баймаханова                                              

А.Қоңыров

В.Косарев                                                     

И.Смирнова                

Т.Сыздықов

31.01.18 ж. жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Яндекс.Метрика

© 2017-2019 Официальный сайт Коммунистической народной партии Казахстана. Все права защищены.

Please publish modules in offcanvas position.