Бейсенбі, 20 Ақпан 2020 17:04

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(3 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Мамин А.Ұ.

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Біздің фракция жас буынды тәрбиелеуде еңбекке баулу бірінші орында болуға тиіс деп санайды. Коммунистердің бұл істе айтарлықтай тәжірибесі бар. Біз Үкімет жоғары сынып оқушылары мен кәсіптік-техникалық білім мекемелері мен жоғары оқу орындарында оқып жүрген жастарды еңбекке баулу ісін кейінге қалдырмай, қолға алуға тиіс деп ойлаймыз. Мектептерде аттестатпен бірге жұмысшы кәсібін меңгергені туралы куәлік беру тәсілін енгізу қажет.

Кәсіби және техникалық білім беру ісіне де қажетті деңгейде көңіл бөлудің маңызы зор. Өйткені салада жұмыс «ауырдың астымен, жеңілдің үстімен» жүріп жатыр. Қажетті станоктар мен қондырғылар, өндірістік материалдар жетпейтіні айтылып жүр. Колледждердің көбінде техника мен механзимдер, зертханалық жарақтар жеткіліксіз. Білім ошақтарына бас сұққан сайын осындай жайттарға куә боламыз. Мысалы Атбасар аграрлы-техникалық колледжінің иелігінде жер де, мал да, техника да жоқ. Себебі Білім және ғылым министрлігінің нормативтерінде бұл жағы ескерілмеген. (07.03.2012 жылғы №97 бұйрық).

Бұл аз болғандай, әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы коллледждердің бірінде шәкірттердің жиі сабақ босататыны туралы ақпарат тарап жатыр. 1321 шәкірттің тек 247-сі, яғни 19%-ы ғана сабаққа қатысқан.

Басқа білім ордаларында мұндай жағдайдың орын алмай жатқанына ешкім кепілдік бере алмайды.

Білім бағдарламаларының сапасыздығы, колледждердің жөнді жабдықталмауы түлектердің кәсіби дайындығына кері әсер етіп, жұмысқа сәтті орналасуына кедергі келтіреді.

Жуырда біз жеделсаты шаруашылығындағы келеңсіздіктерді зерделедік. Нұр-Сұлтан қаласында «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» атты мамандық бойынша 3 колледж білім береді екен. Онда оқып жатқан 217 студенттің ілуде біреуі ғана мамандығына сай жұмыс тапқан.

Біз мемлекеттің ақшасы мақсатсыз жұмсалмауы үшін көп нәрсе атқарып жатырмыз. Не себепті колледждерде «бос сабақтар» өткізіледі. Неге бұл үшін студенттерге шәкіртақы тағайындалып, ұстаздарға жалақы төленеді? Мұндай көзқарас өскелең ұрпақтың тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Жайдан-жай ақша түсіп тұрса оқудың, жұмыс істеудің қажеті қанша?

 Осыдан кейін жастардың жеңіл пайдаға ұмтылып, еңбекқорлықтың орнына өз амбицияларын ынталандыруға құштар болып бара жатқанынан таң қалмаса да болады. Адами құндылықтардың орнына өз ортасындағы жалған абыройға алданып жүргендер көп. Адами құндылықтарды түбегейлі жоғалтқымыз келмесе, жағдайды өзгертуге шындап кірісу қажет.

«Халық коммунистері» фракциясы:

- бюджет есебінен мектеп пен колледждерді норматив бойынша техникамен, құрал-саймандармен және өндірістік тәжірибе материалдарымен қамтамасыз етуді;

- оқу орындарында өздерінің, сондай-ақ экономика салалары мен халық сұранысын қанағаттандыру үшін тауар мен қызмет айналымын реттеуді, түскен қаражатқа автокөлік паркін жаңартып, халық тұтынатын өнімдер өндірісін жүргізуді;

- мектеп пен колледж түлектерінің білім көрсеткішін статистикамен емес, нақты іс бойынша бағалауды талап етеді.

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары:

В. Косарев

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

2020 жылы 19 ақпанда жарияланды                                

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Яндекс.Метрика

© 2017-2019 Официальный сайт Коммунистической народной партии Казахстана. Все права защищены.

Please publish modules in offcanvas position.