Бейсенбі, 05 Наурыз 2020 15:04

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан Республикасы Премьеринистрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Ә.А.Смайыловқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Осынау депутаттық сауалға «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің (бұдан әрі  ҚСҚ) үндеуі себеп болды. ҚСҚ-ның құрамына 16 корпоративтік қор мен 19 оқу-өндірістік кәсіпорын кіреді. Онда есту және сөйлеу қабілеті бұзылған 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Өткен жылдың ортасынан бастап ҚСҚ ұйымдары проблемалармен бетпе-бет келе бастады. Өйткені олардың барлығы ұйымдастырушылық құрылымына сәйкес, филиал ретінде мемлекеттік сатып алулар VEB-порталындағы «Заңды тұлғалар» мәліметтер базасына енгізілді.

Бұған «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағында көзделген шектеулер себеп болды. Яғни әлеуетті жеткізуші және әлеуетті жеткізушінің аффилиирленген тұлғалары тендердің (аукционның) бір лотқа бірдей қатыса алмайды.

Демек, барлық ҚСҚ кәсіпорындарының біреуі ғана мемлекеттік сатып алу тендерінің бір лотына қатысуға құқылы, ал қалғандарын тапсырыс берушілер қабылдамайды. Өтінімдердің болмауына және сәйкесінше жұмыс көлеміне байланысты ҚСҚ кәсіпорындары жабылып қалуы мүмкін және оларда жұмыс істейтін мүгедектер еңбекке араласудың жалғыз мүмкіндігінен айырылуы ықтимал.

Өзіңіз білетіндей, 2015 жылдың мамырында біздің ел БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары» туралы конвенциясына қосылды. Осылайша, барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын мүгедектік негізінде қандай-да бір кемсітусіз толық іске асыруды қамтамасыз етуге және алға жылжытуға міндеттеме қабылдады. Сондай-ақ қолданыстағы заңдарға, жарлықтарға, әдет-ғұрыптарға және мүгедектерді кемсітетін іс-әрекеттерге өзгерістер немесе күшін жою үшін тиісті шараларды, соның ішінде заңнамалық шараларды қабылдауы керек.

Сонымен бірге ҚСҚ жүгінген мемлекеттік органдар мәселені шешуге көмектесудің орнына қолданыстағы заңнаманы түсіндірумен шектелді.

Мүгедектерді белсенді еңбекке тартуға жағдай жасайтын мүгедектер ұйымдары мемлекеттің әлеуметтік-гуманитарлық қызметін орындайды. Ал «Халық коммунистері» фракциясы оларға мемлекеттік сатып алуларда ерекше жеңілдік беру қажет деп санайды.

Депутаттық сауалды қарастырып, қабылданған шаралар туралы заңда белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруді сұраймыз.

Қосымша: 19 парақ

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары:

В. Косарев

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

2020 жылы 4 наурызда жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Яндекс.Метрика

© 2017-2019 Официальный сайт Коммунистической народной партии Казахстана. Все права защищены.

Please publish modules in offcanvas position.