Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 13:36

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің

орынбасары

Е.Л.Тоғжановқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттық сауалы эпилепсиямен ауыратын балалар мен ересектерді қалш-қалш еткізген ұстамалы ауруға қарсы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты.

Иә, науқастар қалш-қалш еткізетін ұстамалы ауруға қарсы дәрі-дәрмектерді алып тұрады. Бірақ олардың сапасы мен тиімділігі төмен. Балалардың ата-аналары мен эпилепсиямен ауыратын үлкендердің өздері де мұндай дәрі-дәрмектердің көп жағдайда жанама әсері болатынын айтуда. Бұған дейін біздің фракция қалш-қалш еткізетін ұстамалы ауруға қарсы тіркелмеген препараттар мәселесін шешуді ұсынған болатын. Себебі біздің елде қолданылатын дәрілер жеткіліксіз және көп жағдайда олардың сапасы төмен.

Қазақстанда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің қолданыстағы нормасы негізінде елде тіркелмеген дәрілерді әкелудің заңдастырылған тетігі бар. Біз кезекті рет сирек кездесетін эпилептикалық формаларды енгізе отырып, орфандық аурулардың тізімін кеңейтуді және мұқтаж пациенттерге Қазақстанға қалш-қалш еткізетін ұстамалы ауруға қарсы тіркелмеген препараттарды енгізу механизмін қолдануды ұсынамыз.

Дамыған елдерде соңғы үлгідегі тиімді препараттардың кеңінен пайдаланылып келе жатқанына да біршама уақыт болды. Ал бізде науқастарға түрлі балама дәрі-дәрмектер беріледі. Соның салдарынан науқас балалардың ата-аналары мен эпилепсиямен ауыратын ересектер шетелден сапалы препараттарды іздеп, сатып алуға мәжбүр. Онда да қаржылық жағдай мүмкіндік берсе ғана. Өйткені, бір препаратты бір ай қолдану үшін шамамен 30 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін қаржы жұмсау керек. Бір ай қолдану үшін препараттың бірнешеуін алуға тура келеді.

Арнайы протоколды қолдану арқылы миға жоғары өрісті МРТ жасау, электроэнцефалография, оның ішінде үш-жеті күндік кезең және нейропсихологиялық тестілеу сияқты жоғары технологиялық диагностикалық құралдарға қол жетімділіктің шектелу мәселелері бар. Эпилепсиямен ауыратын балаларға нейропсихологиялық қызмет, психоәлеуметтік және физикалық оңалту жетіспейді. Войта, Бобат және т.б. сияқты оңалтудың тиімді әдістері қолжетімді емес.

Біз анықтаған проблемаларды зерделеуде объективті көзқарас ұстанып, оларды жуық арада шешеді деп үміттенеміз.

Осы проблемаларды зерделеу барысында біз Денсаулық сақтау министрлігінің есептерімен шектелмей, эпилепсиямен ауыратын балалардың ата-аналарымен, сондай-ақ осы проблемалармен айналысатын тәуелсіз ұйымдармен кездесу өткізуді ұсынамыз.

Заңнамамен белгіленген мерзімде депутаттық сауалға жазбаша жауап беруді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары:

М. Магеррамов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

И. Смирнова

Т. Сыздықов

2020 жылғы 11 наурызда жарияланды

Attachments area

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Яндекс.Метрика

© 2017-2019 Официальный сайт Коммунистической народной партии Казахстана. Все права защищены.

Please publish modules in offcanvas position.