Жұма, 20 Наурыз 2020 01:49

САҚТАНСАҢ САҚТАЙДЫ

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің активі Ақтөбе облысының Ащылысай ауылында елдегі төтенше жағдайға байланысты акция өткізді.

Коронавирустың таралуына байланысты елде төтенше жағдай жарияланғаны мәлім. Сондықтан ауыл тұрғындарына ірі облыс орталықтарына қатынау қиындай түсті. Сондықтан партия мүшелері ауылға медициналық бетперделер әкеліп, таратты. Тұрғындарға сақтық шараларын түсіндіріп, нұсқаулықпен таныстырды. Өкінішке қарай, аудандық дәріханаларда вирустан қорғайтын құралдар жоқ. Сол себепті облыстық комитеттің коммунистері ауыл тұрғындарына көмек қолын созуды жөн көрді. Сонымен қатар белсенділер ауыл тұрғындарының көңіл-күйін көтеріп, індетке бола өмірден түңілудің қажетті жоқтығын, барлық қиындықты еңсеруге болатынын түсіндірді.

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитеті

aktobe1.jpgaktobe1.jpgaktobe1.jpg

Яндекс.Метрика

© 2017-2019 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.