Жұма, 20 Наурыз 2020 01:44

Нұрғиса Тілендиевтің шәкіртімен кездесті

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Алматы облыстық комитеті ҚКЖО белсенділері «Public Talks» жобасы аясында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Сазген» ансамблінің көркемдік жетекшісі, Талдықорған музыка және өнер мектебінің директоры Тұрсынхан Қарақожаевамен сұхбат құрды. 

Тұрсынхан Төкенқызы кездесу барысында өзінің өмірі, музыкаға деген құштарлығы туралы әңгімеледі.

Оның музыка мен өнерге деген икемділігін ерте байқаған ата-анасы, бала Тұрсынханды музыкаға беруді жөн көреді. Қиын іріктеуден өткен Тұрсынхан Күләш Байсейітова атындағы республикалық музыка мектебіне оқуға түседі. Бұл кішкентай талапкердің күш-жігерінің және қызының талантын сенген әкенің қолдауының арқасында мүмкін болды. Жас орындаушының өнері төртінші сыныптан бастап радио мен теледидардан беріле бастайды. Тұрсынхан Қарақожаева бесінші сыныпта Күләш Байсейітова атындағы конкурстың, жетінші сыныпта Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық байқаудың лауреаты атанады.

Оның музыкалық жетекшісі – Нұрғиса Тілендиев. Әйгілі дирижер, композитор өзінің білімі мен шеберлігін шәкіртіне беруге тырысты. Тұрсынхан Төкенқызы оны «өнердегі әкем» деп атайды. Ол 16 жыл бойы Нұрғиса Тілендиев басқарған «Отырар-Сазы» оркестрінде жұмыс істеді. Нұрғиса туралы кітаптың бір тарауы Тұрсынхан Қарақожаеваға арналған. Ол «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблін қайта құрып, Түркияда, Қытайда, Ресейде, Германияда, Францияда және Қазақстанның түкпір-түкпірінде өнер көрсетті. Ол түрлі саммиттерде, Рим папасымен болған кездесуде сөз сөйлеген. Кезінде Рим папасы музыкантқа өнерге жан-тәнімен берілгені үшін алғыс білдірді.

Тұрсынхан Төкенқызы он жылдан астам уақыт бойы Талдықорған музыка және өнер мектебін басқарады. Ол өзінің дарынды оқушылары туралы ерекше сүйіспеншілікпен айтып берді. Ұстаздарға деген құрметінің ерекше екенін де жеткізді.

Кездесу соңында Тұрсынхан Төкенқызы өзінің сүйікті қобызымен өнер көрсетті. Тыңдаушылар оған ерекше құрмет көрсетті.  

ҚКХП Алматы облыстық комитеті

almaty1.jpgalmaty1.jpgalmaty1.jpgalmaty1.jpg

Яндекс.Метрика

© 2017-2019 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.