Дүйсенбі, 21 Қаңтар 2019 11:23

Депутаттың көкөніс базарлары мен сауда нүктелеріндегі рейді жалғасуда

Оцените материал
(0 голосов)

Депутат Тұрғын Сыздықов азық-түлік тауарларын сату және сақтау жағдайымен танысу жұмысын жалғастырып жатыр.

17 қаңтар күні мәжілісмен «Астана Агро-АА» ЖШС көкөніс қоймасында болып, қойма меңгерушісімен және Астана базарында көкөністі сатумен айналысатын астаналық кәсіпкермен сұхбаттасты. Әңгімелесу барысында елордалық тұрғындар соңғы жылдары картопты аз сатып алатындығы белгілі болды. «Бұған дейін астаналықтар 250 тонна картоп пайдаланса, қазіргі таңда 60 тонна ғана сатып алады», - деді кәсіпкер. Кәсіпкер мұның бірден бір себебі KFC, Burger king және McDonald's сияқты фастфуд нүктелерінің көбеюі себеп деп отыр. Олар өз өнімдерінің ингридиенттерін шетелден алдыртады. Осылайша Қазақстанда өсірілген көкөніс пен жеміс-жидектерді сату мәселесі туындайды. Сонымен қатар халық қалаулысы «Алай» мен «Шапағат» базарларында болып қайтты.

Қоймалар мен сауда нүктелеріндегі рейдтің нәтижесі бойынша депутаттық сауал әзірленетін болады.

AstOvoshehr 5AstOvoshehr 5AstOvoshehr 5AstOvoshehr 5AstOvoshehr 5

Яндекс.Метрика

© 2017-2019 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.