Дүйсенбі, 27 Қаңтар 2020 10:26

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ АШЫЛДЫ

Оцените материал
(3 голосов)

Федоров ауданында ҚКХП бастауыш партия ұйымы құрылды. Оның құрамына партия ардагерлері, жастар, елдің саяси өміріне бейжай қарамайтын қарапайым тұрғындар қабылданды.

Жаңа ұйымды құру үшін өңірде арнайы жиын ұйымдастырылды. Оған ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің басшылары қатысты.

Күн тәртібіне екі мәселе қойылды: хатшылықты сайлау және болашақ аудандық комитеттің қатарын толықтыру. Мәселе қаралған сәттің өзінде ҚКХП қатарын толықтыруға 12 адам өтініш білдірді.

Қостанай облыстық комитетінің бірінші хатшысы Асқар Өмірзақов партияның жаңа мүшелеріне кеудеге тағатын арнайы белгілер мен партиялық билеттерді табыс етті. Екінші хатшы Владимир Скуридин көпшілікке ізгі тілегін білдірді.

Жаңа бастауыш партия ұйымын құру және оның хатшылығын сайлау мәселесі жылдам шешілді. Жаңадан құрылған бастауыш партия ұйымының басшысы болып коммунист Игорь Ковалев сайланды.

– Жолдастардың маған артқан сенімін ақтауға тырысамын! – деді ол.

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті

KostPPO 6KostPPO 6KostPPO 6KostPPO 6KostPPO 6KostPPO 6

Яндекс.Метрика

© 2017-2019 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.