Жұма, 20 Наурыз 2020 01:58

«Партия дауысы» акциясын ұйымдастырды

Оцените материал
(2 голосов)

ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті Жастар қанатының белсенділері елдегі жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқаулары мен нормаларын сақтай отырып, «Партия дауысы» акциясын өткізді.

– Жамбыл облыстық партия комитетінің дәл қазіргі уақыттағы басты міндеті – партия үнін өңірдегі әрбір тұрғынға жеткізу, – дейді облыстық комитеттің бірінші хатшысы Жанат Бастаубаева.

Буклеттер, кітапшалар, парақшалар мен «Коммунист Казахстана» журналы секілді көрнекі үгіт-насихат материалдарын тарату арқылы идеологиялық жұмыс жүргізу – «Халық коммунистері» фракциясының өңірдегі танымалдығын арттыруға ықпал етеді. Осылайша партия қатары жаңа мүшелермен толығады.

ҚКЖО өкілдері Тараз қаласының шағын аудандары мен ұйымдарында, кеңселерде ақпараттық материал таратты. Сонымен қатар түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жас коммунистер бірқатар үкіметтік емес ұйымдарды аралады. Атап айтқанда, «Жергілікті қоғамдастықтарды оқыту орталығы» өңіраралық қоғамдық ұйымы мен «Арай» аула клубына және «Уникум» қоғамдық бірлестігіне барды. Сондай-ақ «Дамир» тігінханасын, «Invivo» медициналық зертханасын, «LISOFT» 1С техникалық қызмет көрсету орталығын, «BR»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігін және «Регион-Медиа» жарнама агенттігі секілді шағын және орта бизнес нысандарын аралады.

Облыстық комитет жаңа офиске көшкен болатын. Сондықтан «Biznes-Plaza», «Арай», «Коттони» және «Башмачок» сынды ірі бизнес-орталықтары коммунистермен көршілес болып шықты. Көрші ұйымдардың қатарында «ВТА-банк» және «Forte-банк» секілді екінші деңгейлі банктер бар.

– «Коммунист Казахстана» журналының жаңа оқырмандары пайда болды. Жаңа көршілердің арасынан ҚКХП қатарын толықтыруға ниетті мүдделес адамдардың да табылуы мүмкін, – дейді коммунистер.

Сондай-ақ осы айда партия комитетінің хатшылары еңбек ұжымдарының жетекшілерімен кездесіп, қоғамды қандай мәселелер толғандыратынын және адамдардың ел Үкіметіне нақты нені жеткізгісі келетінін анықтады.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті

zham1-min.jpgzham1-min.jpgzham1-min.jpg

Яндекс.Метрика

© 2017-2019 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.