Бейсенбі, 05 Наурыз 2020 09:49

ЖАҢА БАҒДАРЛАМА ЖАРЫЛҚАЙ АЛА МА?

Оцените материал
(1 Голосовать)

«Бизнестің жол картасы» дұрыс емес бағытқа апара жатыр. Халықтың табысы тек мемлекеттік бюджет есебінен көбеюде. Сондай-ақ, статистикада да сәйкессіздік көп. «Халық коммунистері» мұндай жағдайдың соңы жақсылыққа апармайтынын ескертеді.

Мәжілістің пленарлық отырысында «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров атап өткендей, шағын және орта бизнес қоғамның әл-ауқатын жақсартуда жетекші рөл атқаруы керек.

– Шағын бизнестің үлесі жылдам өсуде. Бірақ біз Қазақстан экономикасында түбегейлі құрылымдық өзгеріс болмағанын көріп отырмыз, – деді коммунист.

Мәжілісменнің пікірінше, жалпыға ортақ дамудың оң көрінісі тек статистикалық мәліметтерге ғана негізделген. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жеке кәсіпкер ретінде тіркеп жатыр. Нәтижесінде көрсеткіштер жақсарып, бизнес шығындарды қызметкерлер есебінен азайтуда.

– Шындықтың көзіне тура қарау керек. Қазақстандық кәсіпкерлер белгілі бір функционалды бағыттар мен мамандарды жеке кәсіпкер ретінде рәсімдеу арқылы салықтан үнемдеуге тырысады. Алайда іс жүзінде олардың бизнесі өсіп жатқан жоқ, – деді Айқын Қоңыров.

Бұдан жұмысшылар да зардап шегуде. Олар үшін жеке кәсіпкер мәртебесі іс жүзінде еңбек шарттарындағы әлеуметтік аударымдар мен кепілдіктерден айырылуды білдіреді. Мұның соңы халықтың әлеуметтік наразылығына алып келуі мүмкін.

– Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жеке кәсіпкер ретінде қайта тіркеу туралы статистикалық мәліметтерді жинау арқылы біз кімді алдамақпыз? Себебі өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың кім екенін жақсы білеміз. Бұлар кездейсоқ жағдайда ғана ақша тауып жүрген қазақстандықтар. Шын мәнінде, олардың көпшілігі кедейлік шегінде өмір сүреді. Оларды кәсіпкерлер деп атау мазақ қылғанмен бірдей, – деді коммунист.

Нақты есептеулерге көз жүгіртсек, жағдай өте аянышты. Қайта өңдеудегі ШОБ-тың үлесі ары кеткенде ІЖӨ-нің 5-6 пайызын құрайды. «Бизнестің жол картасына» енгізілген «2025 жылға қарай 35 пайызды құрайды» деген межені әзірше арман күйінде қалдырған дұрыс. Алайда коммунистер бұл көрсеткішке қағаз жүзінде «қол жеткізілетініне» күмәнданбайды.

– Біз кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеті ШОБ үлесін және статистикалық кәсіпкерлер санының механикалық өсуіне дейін төмендетілмеуі керек деп санаймыз. Бұл бизнестің өркендеуіне еліктеу ғана. Тапсырма түбегейлі өзгеше болуы керек. Яғни қоғамдағы тұрақтылық факторы ретінде орта таптың тірегіне айналатын бәсекеге қабілетті кәсіпорындар қабатын қалыптастыру, – деді депутат.

Мемлекеттік қолдаусыз, мысалы, «Даму» қоры болмаса, шағын және орта бизнес үшін өмір сүрудың өзі қиын болатынын ашық мойындау керек. Бұл жерде бәсекелестік туралы сөз қозғаудың өзі артық!

– Жаңа «Бизнестің жол картасы» ескі бағдарламамен бірдей құралдарды ұсынады. Бұл кәсіпкерліктің нақты дамуы үшін емес, алдағы кәсіпорындарды қолдау үшін екенін білеміз, – деді Айқын Қоңыров.

Әрине, ШОБ-ты қолдау, жұмыс орындарын сақтау және сол арқылы мыңдаған отбасыларды қамтамасыз ету маңызды. Бірақ шын мәнінде дамып келе жатқан кәсіпорындарды дамыту одан да маңыздырақ.

– Онсыз біз уақыт бомбасын қойғандай боламыз. Өйткені, бюджет бұрынғыдай көлемде қолдау көрсете алмаса, мыңдаған кәсіпорын жұмысын қысқартады, – деді халық қалаулысы.

Коммунистер тұрақты және сапалы жұмыс орындарын құру, өндірістік әлеуетті дамыту мақсатында шағын және орта бизнес секторын жаңғыртудың ұзақмерзімді шараларын жасау қажет деп санайды. Ол үшін бизнесті қолдау институттарының қызметін қайта құру қажет.

– Сондай-ақ сіздерден кәсіпорындарды ұсақтау деректерінің сақталатынын я сақталмайтынын және осы процесті шектеу үшін қандай ынталандыру шараларын қабылдауды жоспарлап отырғандарыңызды білгіміз келеді, – деді мәжілісмен.

Депутаттық сауал Премьер-министр Асқар Маминге жолданды.

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.